Тоңазытқыштан екі баланың мәйіті табылған үйдің көршілері оқиға жайлы айтып берді

© "Территория происшествий"

Алматыда?ы Т?рксіб ауданында то?азыт?ышынан екі баланы? м?йіті табыл?ан п?терді? к?ршілері о?и?аны? ?алай бол?анын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматыдағы Түрксіб ауданында тоңазытқышынан екі баланың мәйіті табылған пәтердің көршілері оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Балалардың денесі сөмкеге салынып, істен шыққан тоңазытқышқа салынған. Көршілерінің айтуынша, пәтерден бірнеше күн бойы жағымсыз иіс шыққан. Пәтер жалдамалы екен. Баспана иесі, кейбір мәліметтер бойынша, Шымкентте шаруаларымен жүрген. Сосын көршілер жалға беретін жауапты адамды шақыртып, есікті ашқан, сосын жағымсыз иіс шыққан тоңазытқышты ашып қалған. Онда сөмке болған. Көршілер онда мал еті екен деп ойлаған. Алайда онда матаға оралған балалардың мәйіті болып шыққан. Шошып қалған көршілер дереу полиция шақырған. Балалардың жасы әзірше белгісіз екен. 

Реклама
Реклама

Алайда көршілер бұл пәтерде кімнің тұрып келгенін білмейтінін айтып отыр.


© "Территория происшествий"

Еске салайық, мұның алдында тоңашытқыштан балалардың мәйіті табылғаны хабарланған еді. Өз кезегінде құқық қорғау органдарының өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне бұл мәліметті растады. Осы іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама