15 наурыз 2021 | 18:05

Төрт адам қаза болды. Қызылорда облысында газ баллоны жарылды

Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz.

Қызылорда облысында үй ішіндегі газ баллоны жарылып, бір отбасының төрт адамы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысында үй ішіндегі газ баллоны жарылып, бір отбасының төрт адамы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2021 жылы 15 наурызда сағат 12:30-да "101-Құтқару қызметіне" Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті К. Рүстембеков көшесі №29 үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

"Хабарлама бойынша 12:32-де Қызылорда облысы Қармақшы ауданы №10 ӨСБ-ден 3 бірлік өрт сөндіру автокөлігі құрамында 14 қызметкер оқиға орнына шықты. 12 сағат 36 минутта оқиға орнына жауынгерлік есеп жеткен кезде жалпы ауданы 144 шаршы метр тұрғын үйдің ішінде 27 литрлік газ баллоны жарылуынан үйдің бір қабырғасы құлап, толығымен жанып жатқаны, сонымен қатар 4 адамның денесі үйінділер астында қалып қойғаны анықталды", - деді департамент қызметкерлері. 

Реклама
Реклама

Өрт салдарынан үйдің көршісі Сарсенкүл Алмаханова бас миының жабық жарақатымен аудандық ауруханаға түскен.

Ведомство хабарына қарағанда, өрт сағат 13:19-да оқшауланып, 14:17-де толық ауыздықталған. Тұрғын үй толығымен өртеніп кеткен. 

Төтенше жағдай кезінде 1981, 2000, 2001 жылы туған қыздар мен 1999 жылы туған жігіт қаза болған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная