Төрт адамнан соққы көріп, жансақтау бөлімінен бірақ шыққан жәбірленуші сотталушыға айналды

Бал?ашты? 27 жаста?ы т?р?ыны Жансерік М?нарбеков екі жыл б?рын ?алада?ы кафелерді? біріні? ма?ында со??ы?а жы?ыл?ан. М?нарбековты? ?пкесіні? с?зінше, оны со??ы?а жы??андар ?аланы? т?рт т?р?ыны. Алайда бір адам ?ана соттал?ан. Сот оны денсаулы??а ауыр зиян келтіргені ?шін айыпты деп танып, ?ш жыл?а бас бостанды?ынан айыр?ан. ?ал?ан ?ш адам?а ?атысты іс то?татыл?ан. Ал жа?ында М?нарбековтарды? отбасы Жансерікті? зардап шегушіден айыпталушы болып шы??анын білген. Ол енді жал?ан ку?лік етті ж?не б?за?ылы? жасады деп айыпталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Балқаштың 27 жастағы тұрғыны Жансерік Мұнарбеков екі жыл бұрын қаладағы кафелердің бірінің маңында соққыға жығылған. Мұнарбековтың әпкесінің сөзінше, оны соққыға жыққандар қаланың төрт тұрғыны. Алайда бір адам ғана сотталған. Сот оны денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін айыпты деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырған. Қалған үш адамға қатысты іс тоқтатылған. Ал жақында Мұнарбековтардың отбасы Жансеріктің зардап шегушіден айыпталушы болып шыққанын білген. Ол енді жалған куәлік етті және бұзақылық жасады деп айыпталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

2015 жылдың ақпанында кафеге барған Жансерік Мұнарбаев ауыр соққыға жығылып, ауруханаға түскен. Ол кезде беті мен денесінде сау тамтығы қалмаған. Ол тіпті қозғала да алмаған. Дәрігерлер оның орташа ауырлықта бас миының шайқалуы, бас сүйегі бірнеше жерден сынғанын және көптеген жарақат алғанын тіркеген. 

Реклама
Реклама

"Оны төрт адам аямай тепкі астына алған. Кафенің бейнебақылау камераларынан видео да бар. Жанжалдың неден басталғаны белгісіз. Видеодан менің інімнің бейбіт тұрғаны көрініп тұр. Ол кафеге күліп кіріп, бәрімен амандасқан. Ақыры ол жансақтау бөліміне түсті. Ауруханаға келгенде, оны әзер таныдық. Басы мен беті ісіп кеткен еді. Денсаулығына ауыр зақым келген. Өлім аузынан қалды. 8 күн өте ауруханадан шығарды, біз талап етті деген сылтаумен. Бірақ біз ауруханадан шығарылуына қарсы болғанбыз. Оны Қарағандыда емдедік. Содан бері оның денсаулығы сыр берді. Есін әлі толық жиған жоқ", - дейді әпкесі Айжан Унтупова. 

Айжанның айтуынша, 2016 жылдың 28 қыркүйегінде сот болып, бір адам ғана жазаға тартылды. Қалған үшеуіне қатысты іс тоқтатылды. Жігіттің туыстары сот шешіміне наразы болған. Олар жаңа жайттардың ашылуына байланысты түрлі органдарға арыз жазған. Мұнарбаевтың әпкесінің айтуынша, қылмыстық істе анық дәлелдер ескерілмей қалған. 

"Қайда барсақ та бізге қол сілтейді де қояды. Ақыры полицейлеріміз інім мен маған қатысты қылмыстық қудалау бастады. Жансерік оқиға болған күні ашулы болған, бұзақылық жасаған және өзімен қару ұстап жүрген-мыс. Жансеріктің тыныш жүргенін дәлелдейтін материалдардың барына қарамастан осындай айыптар тағылды. Сонымен бірге, ол жалған куәлік етті деп айыпталуда. Бұл сандырақ қой. Енді ол зардап шегушіден айыпталушыға айналды", - деп түсіндірді Унтупова. 

Балқаш соты істің қаралып жатқанын растады. Істі судья Марат Башанов қарастырып жатыр. Бұл іске қатысты келесі сот отырысы сәуірдің 27-не белгіленген. 

Жансеріктің анасы мен әпкесі Қазақстан Президенті мен Бас прокурорына видеоүндеу жолдады. Олар бұл істің анығына жетіп, кінәлілерді жазалауды сұрайды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама