29 мамыр 2020 09:12

"Төсекке байлап, ұрып-соққан". Павлодардағы балалар орталығында түсірілген видео тарады

Видеодан алынған кадр

Павлодарда психоневрологиялық орталықтың қызметкерлері кәмелетке толмаған балаларды жәбірледі деп айыпталып жатыр, - деп хабарлайды "Бірінші Еуразия арнасы".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда психоневрологиялық орталықтың қызметкерлері кәмелетке толмаған балаларды жәбірледі деп айыпталып жатыр, - деп хабарлайды "Бірінші Еуразия арнасы".

Телеарнаның мәліметінше, прокуратура өкілдері видеоға қатысты тексеріс жүргізген. Видеода қызметкерлердің балаларды төсекке байлап қойған күйі жатқызатыны көрінеді.

Реклама
Реклама

Байлаулы жатқан балаларға өзге балалар көмектескен.

"Прокуратура жүргізген тексеріс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Орталықтың төрт қызметкері 3,5 жылға бас бостандығынан шектелді, бір қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. 13 қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеуде", - деді облыстық прокуратура басқармасының басшысы Асхат Қоқымбаев.

Телеарна мәліметінше, бұл мекеме Павлодардың шет жағында орналасқан. Адам аса көп жүре бермейді екен, қоғамдық көлікте мұнда келмейді дейді.

Енді кінәлілер сот алдында жауап береді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram