Тосын жай: Өскеменде ЖЭС өртеніп жатыр

?скеменде ЖЭС ?ртеніп жатыр. ?ара т?тін ?аланы жайлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Өскеменде ЖЭС өртеніп жатыр. Қара түтін қаланы жайлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Төтенше жағдай туралы мәліметтерді әлеуметтік желі қолданушылары хабарлады, олар оқиғаның суреттері мен видеосын жүктеп жатыр. Өскемен орталығын қою қара түтін жайлады. 

Реклама
Реклама

ШҚО ТЖД өкілдерінің мәліметінше, жылу электр станциясының аумағындағы өнеркәсіп аймағында, өндірістік кәсіпорындар маңына бірнеше өрт сөндіру бригадасы аттанған. Оқиғаның мән-жайы, сонымен қатар, өрттің неден шыққаны және зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. 

"Ғимараттың шатыры өртеніп жатыр, шамамен 400 шаршы метр, сонымен қатар бір бөлігіндегі пластикалық бөлшектер де өртеніп жатыр. Өрт сөндіруге 20 арнайы техника мен 80 өрт сөндіру қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Оқиға орнында сынама өрт сөндіру зертханасы жұмыс істеп жатыр", - деді ШҚО ТЖД өкілі. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама