ПОДЕЛИТЬСЯ
23 желтоқсан 2022 | 16:36
"Трансформаторға шығып кеткен". Қонаевта ер адамды ток соғып, аурханаға түсті
Қонаевта ер адамды ток соғып, ауруханаға түсті. Ол трансформатор дүңгіршегіне шығып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қонаевта ер адамды ток соғып, ауруханаға түсті. Ол трансформатор дүңгіршегіне шығып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін күндіз сағат 11:30-да Қонаевта Сейфуллин көшесімен төмен қарай бір ер адам трансформаторға шығып кеткен. Қазір ол ауруханада жатыр", - делінген жергілікті pro_konaev Instagram-паблигінде.
Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның денесін күйік шалған.
"23 желтоқсанда сағат 11:20-да Қонаевтағы көпсалалы аурухананың жансақтау бөліміне 42 жастағы ер адам электр тоғы жарақатымен түскен. Дененің күйік шалған аймағы - 45 пайыз", - деді Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.
Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Ол жансақтау бөлімдерінде ем қабылдап жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также