ПОДЕЛИТЬСЯ
30 шілде 2020 | 15:21
Тісі ауырған ұлыбританиялық әйел өліп кете жаздады
Ұлыбритания тұрғыны тіс ауруынан өліп кете жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Dailymail басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлыбритания тұрғыны тіс ауруынан өліп кете жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Dailymail басылымына сілтеме жасап.
Ребекка Далтон өткен жылдың желтоқсанында тіс дәрігеріне қаралған. Оның тісі қатты ауырған. Дәрігер әйелдің ақыл тісінің маңында ірің (абсцесс) пайда болғанын анықтаған. Тіс дәрігері оған антибиотик беріп, бұл тісті жұлып тастау керегін айтқан. Алайда Ребекка мұны істей алмаған. Себебі, ол бірнеше аптадан соң босануы керек болған.
Ұлыбританиялық әйел наурызда да антибиотик ішкен. Ол тісім жазылды деп ойлап, дәрі ішуді тоқтатыпты. Бірақ осы уақытта тістегі инфекция миға тарай бастаған. Ребекка Далтон көңіл күйі құбылмалы болатынын, басы жиі ауыра бастағанын байқаған. Дәрігерлер әйелді жедел ауруханаға жатқызып, миға ірің шапқанын анықтаған.
Мида қан қысымының жоғары болуы салдарынан Ребекка Далтон жүре алмай қалған. Ол Халл қаласындағы аурухананың неврологиялық бөліміне ауыстырылған. Әйел есінен айырылған. Ол қалай емделгенін білмейді. Науқас ауруханада 5 ай жатып, ем қабылдаған. Жарты жылдан соң ғана дертінен айыққан.
Қазір Ребекка оңалту курсынан өтіп жатыр. Ол осы жылдың соңында жұмысқа шығуды жоспарлап отыр.
Ұлыбританиялық әйел тіс дәрігерінің кеңесіне құлақ асуға, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға кеңес береді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также