"Түні бойы жол жүрдім": Дағыстан тұрғыны Атырауға 50 мың қап алып келді

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Әлеуметтік желіде Дағыстан тұрғынының су тасқыны кезінде қазақстандықтарға көмектескені туралы видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Дағыстан тұрғынының су тасқыны кезінде қазақстандықтарға көмектескені туралы видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Омарасхаб Ахмедов елдегі жағдайды таныстарынан білгенін айтты. Pricom.kz басылымы мәліметінше, Қазақстанда су тасқыны басталғаны және жағалауды нығайту жұмыстарына қаптар жетіспей жатқаны туралы ақпаратты оқығаннан кейін ер адам дереу көмекке баруды ұйғарған.

Ол қаптарды Атырау облысына жеткізу үшін 24 сағат жол жүрген.

Реклама
Реклама

"Бауырлас халықтың басына осындай күн туды, ешкімді күтпейін деп ұйғардым. Мен білген бойда сол түні бірден жолға шығуды ұйғардым", – дейді ол.

Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, ер адам қаптар алып келген. Кейбір мәліметтер бойынша, әңгіме 50 мың қап туралы.

"Түнгі сағат 2-де мен таныстарымнан қаптар сақталған қойманы ашуды өтіндім, жұмысшыларды шақырдық, бәрін "Газель" жүк көлігіме тиеп, Астрахан облысы арқылы Атырауға шықтым. Сіздерге түні бойы жол жүрдім", - деп келтіреді басылым Омарасхаб Ахмедовтің сөзін.

Бұл видео желіде тарап, әлеуметтік желі қолданушылары ер адамға бұл әрекеті үшін алғыс білдірген.

"Бауырлар, рақмет", "Омарасхаб-мырза Дағыстанның шағын ауылынан шыққан өте қарапайым, ақкөңіл адам. Кеше Атырау, Махамбет, Сартоғай тұрғындары оған разы болды. Ол қайта қайтуы керек екенін айтып, қазақстандық ағайындарға амандық тіледі", - деп жазды пікір білдіргендер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная