ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 07 тамыз 2018 11:46
"Тұншығып қала жаздады". Жаңа туған нәрестені жолдың бойына қалдырып кеткен
Түркістан облысында полицейлер жаңа туған нәрестені жолдың бойында тастап кеткен ананы іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды "Еуразия" Біріншісі арнасы.
Сәбиді ауасы жоқ спортқа арналған сөмкенің ішіне қалдырып кеткен. Қызды жергілікті тұрғын тауып алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бала табылмас бұрын 4 сағат бойы сөмкенің ішінде жатқан. Бала тұншығып қала жаздаған.
"Мен қыздарыммен бірге сөмкені ашқанымда, бала қып-қызыл болып кетті. Басында өліп қалған шығар деп ойладым. Бірден көршіме бардым, себебі, ол - дәрігер. У-шу болып кеткенде, сәби жылап жіберді", - дейді Әсия Омарова.
Кейіннен бала ауруханға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, қыз 4 күн бұрын дүниеге келген, аты Айым. Түркістан облысының полиция қызметкерлері қыздың анасын іздестіріп жатыр.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу