07 тамыз 2022 10:36

Турист Алматы тауларында жоғалып, бір тәуліктен аса уақыт бойы табылмаған

Видео кадры: Instagram / roso_kazakhstan

Ер адам Алматы тауына көтерілу кезінде өз тобынан қалып қойып, адасып кеткен. Құтқарушылар оны бір тәуліктен аса уақыттан кейін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РЖҚЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ер адам Алматы тауына көтерілу кезінде өз тобынан қалып қойып, адасып кеткен. Құтқарушылар оны бір тәуліктен аса уақыттан кейін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РЖҚЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құтқарушылардың айтуынша, 5 тамызда таңертең 6 адамнан тұратын туристер тобы жаяу жорыққа шыққан. Олар жорығын Медеуден бастауды ұйғарған. Түске қарай 7 шақырым жол жүрген топ туристердің бірі жоғалып кеткенін анықтаған.

1991 жылы туған ер адам өз тобынан қалып қойып, оны қуып жетпек болған. Ол өзінің қайда екенін, топ одан қаншалықты алыс кеткенін түсіне алмағае. Бір топ турист түнге дейін досын табамыз деген үмітпен айналаны аралағанымен, түнде көмекке жүгінген.

Реклама
Реклама

Осы кезде адасып кеткен турист түнеп шығатын жер іздей бастаған. Ал тауда жаңбыр жауған. Ер адам күш-қуаты таусылған кезде бір орын тапқан. Онда ол өзінің қандай жағдайда жүргенін айтып, смартфонына видео түсіріп алған.

Шамамен сол уақытта РЖҚЖ құтқарушылары жеке құрамның жеті адамы болып туристі іздеуге шыққан. Сағат 2.00 шамасында олар Комби-1-ге (Медеуден Шымбұлаққа баратын аспалы жол) жеткен.

Келесі күні таңертең сағат 9.30-да РЖҚЖ жедел тобы туристерге жеткен. Іздеу уақытын қысқарту және іздестіру аймағын кеңейту мақсатында құтқарушылардың екінші тобын тауға жіберу туралы шешім шығарылған.

Сағат 15.00-де іздестіру аймағын одан әрі кеңейту үшін 5 адамнан тұратын РЖҚЖ құтқарушыларының үшінші тобын жіберу туралы шешім қабылданған. Сағат 18.00-де РЖҚЖ құтқарушылары кеңес шыңынан (теңіз деңгейінен биіктігі 4317 метрден асады) жоғалған адамды тапты. Оған барлық қажетті көмек көрсетілген. Құтқарушылар ер адамды таныстары күтіп тұрған Үлкен Алматы көліне жеткізген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram