Түркістан облысында 4 жасар бала суға кетті

© publika.md

Түркістан облысында құтқарушылар суармалы каналда суға кеткен төрт жасар баланы іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІД ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2014 жылғы бала Сарыағаш ауданы Ашысай ауылы "Күркелес" суармалы каналында суға батып кеткен. Құтқарушылар 3 тамыздан бері іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. "Ата-анасының қарауынсыз қалған және абайсызда каналға құлап кетіп, түншығып қалған", - делінген ТЖК хабарламасында. 

Сонымен қатар, Алматы облысының Қапшағай қаласының маңында 25 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр. Ол балық аулау кезінде суға кеткен болуы мүмкін. 

Реклама
Реклама

Солтүстік Қазақстан облысында 55 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр. Ол болжаммен "Солнечный VIP" демалыс орнында суға кеткен. 

Павлодарда Усолка өзенінде суға кеткен 2003 және 2004 жылғы жасөспірімдер құтқарылды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама