28 мамыр 2021 | 09:07

Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткендер туралы мәлімет жарияланды

Фото: gov.kz

Назарбаев университетінің баспасөз қызметі Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті саяхатшының алтауы ЖОО студенттері екенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Назарбаев университетінің баспасөз қызметі Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті саяхатшының алтауы ЖОО студенттері екенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"21 мамырда Назарбаев Университетінің алты студенті және Кентау қаласы лицей-интернатының түлегі Түркістан облысындағы тауларға 4-5 күнге жаяу саяхатқа шықты. Балалар оралмады. Бүгінде олардың қайда екені белгісіз.

Қолдау көрсету үшін Назарбаев университеті студенттердің отбасы, ТЖМ құтқарушылары және жұмылған мемлекеттік органдар, сондай-ақ олардың сыныптастарымен байланыста отыр", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Жоғалған студенттердің таныстары іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін Шымкент қаласынан еріктілерді іздейді.

Реклама
Реклама

"Іздестіру жұмыстары үшін еріктілер қажет. Егер Шымкентте тұратындар және көмектесуге дайын болса, 87074426076 нөмірі бойынша хабарласуды сұраймын", - деді жоғалған студенттердің танысы.

Сондай-ақ, ол студенттердің есімін жариялады:

  • Әлімжан Хайруллин Ақтөбеден;
  • Бағдат Төлеу Ақтөбеден;
  • Нұрдәулет Наурызбай Атыраудан;
  • Диас Төлегенов Оралдан;
  • Саят Өскенов Жезқазғаннан;
  • Абылай Тоқтасын Кентаудан;
  • Қуаныш Тоқтасын Кентаудан.

Бұған дейін "Ақ Жайық" газеті жоғалып кеткен студенттердің бірі - 22 жастағы Нұрдәулет Наурызбай туралы жазған болатын. Газет мәліметі бойынша, үшінші курсты аяқтағаннан кейін студент Нұр-Сұлтаннан Атырауға үйіне келген, ал 19 мамырда сыныптастарымен бірге Шымкентке, кейін Түркістан облысы тауларына төрт күнге саяхатқа шығуға кеткен. Ол 24 мамырда оралуды жоспарлаған.

Диас Төлегенов. Сурет: azh.kz

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысының құтқарушылары Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жоғалған 7 адамды іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқаны хабарланған болатын. 21 мамырда туристер "Сары-Айғыр" шатқалына жаяу бет алған. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда үйге оралуы керек болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная