ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қазан 2023 | 11:04
Түркістан облысында "15 қыз зорланған": полиция мәлімдеме жасады
Түркістан облысының Полиция департаменті басшысы өңірде кәмелетке толмаған 15 қыз жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысының Полиция департаменті басшысы өңірде кәмелетке толмаған 15 қыз жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін белгілі адвокат Айман Омарова өзінің әлеуметтік желісінде Түркістан облысында ер адамның балаларды зорлауына қатысты жаңа мәлімет жариялаған болатын. Ол зорлық-зомбылыққа ұшыраған қыздардың саны артқанын айтты. Осыған байланысты облыстық Полиция департаментінің басшысы мәлімдеме жасады. Бұл туралы ол Facebook-парақшасында жазды.
"Әлеуметтік желілерде Түркістан облысында ер адам тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың саны 15-ке жеткені туралы шындыққа жанаспайтын жарияланым бойынша түсіндіремін. Түркістан облысы Полиция департаментіне 2023 жылы 19 қазанның дәл осы уақытына дейін 3 азамат арызданған. Ешқандай 15 дерек немесе 15 арыз, 15 жәбірленуші деген жоқ. Сонымен қатар, басқа да жәбірленушілерді анықтау мақсатында жедел-тергеу іс-шараларын жалғастырып жатырмыз. Осыған байланысты Түркістан облысының Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 274-бабымен жауапкершілікке тарту қарастырылғаны туралы ескертеді. Сіздерден тек ресми дереккөздерге сену мен сүйенуді сұраймын ", - деді Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов.
Еске салайық, Отырар ауданындағы жантүршігерлік оқиға бейсенбіде белгілі болды. Балаларды зорлады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды. Полиция тергеу құпиясын алға тартып, оның жеке мәліметтерін жария етпеді.
Түркістан облысының тұрғыны зорлаған балалар саны 15-ке жетті - адвокат
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также