ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қыркүйек 2021 | 15:09
Түркістан облысында 3,5 тонна бензин құйылған цистерна өртенді
Түркістан облысында 3,5 тонна бензин құйылған цистернадан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысында 3,5 тонна бензин құйылған цистернадан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
Бүгін, 20 қыркүйекте сағат 12.45-те Түркістан облысы ТЖД жедел кезекші бөліміне Сайрам ауданы Ақсукент ауылында Ақсукент-Қарабұлақ теміржолы бойындағы бір вагон өртенгені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына тез арада Түркістан облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілген.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген бойда "ҚазТрансойл" мұнай базасында цистерналарды толтыру кезінде олардың біріндегі бензин жанғаны анқыталған.
Ведомство мәліметінше, Түркістан облысының өрт сөндірушілері вагонда шыққан өртті сағат 14.04-те сөндірген. Онда 3,5 тонна бензин болған.
"Өртті сөндіруге Түркістан облысы және Шымкент қаласы ТЖД 47 қызметкері мен 10 техникасы, өрт сөндіру пойызы жұмылды. Жедел жәрдем ақпараты бойынша, мұнай базасының 2000 жылы туған бір қызметкерін күйік шалып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также