19 желтоқсан 2023 12:08

Түркістан облысында 4 миллион теңге айыппұлы бар жүргізуші анықталды

Фото: polisia.kz

Түркістан облысында төленбеген 4 миллион теңге айыппұлы бар көлік иесі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында төленбеген 4 миллион теңге айыппұлы бар көлік иесі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полицейлер Түркістан облысы аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды өткізу барысында ірі көлемде төленбеген айыппұлы бар жеңіл көлікті анықтады

Реклама
Реклама

Нақтырақ айтсақ, Ордабасы аудандық ПБ ЖПҚ патрульдік полициясының қызметкерлері "Қорғау – қауіпті жүргізуші" бағдарламасы арқылы Темірлан кенті көшелерінің бірінен Volkswagen Polo автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру кезінде жүргізушінің 4 миллион теңгеден аса сомаға бұрын салынған әкімшілік айыппұлы бары анықталды.

"Нәтижесінде тәртіп сақшылары автокөлікті айыптұраққа қойып, тиісті шаралар қабылдады. Сондай-ақ, автокөлік иесіне айыппұлдарын уақытылы төлеу қажеттігі туралы түсіндірді. Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол ережелерін сақтаудың және жолда мұқият болуды ескертеді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram