ПОДЕЛИТЬСЯ
24 тамыз 2020 | 15:20
Түркістан облысында 6 жасар бала көпірден құлап, суға батып кетті
Түркістан облысында алты жасар бала суға ағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысында алты жасар бала суға ағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 24 тамызда таңертең Қызылқұм магистраль каналында болған. Ақпарат бойынша, 2014 жылғы бала 2011 жылы туған досымен бірге мал бағуға шығып, үш метрлік көпірден су қоймасына құлап түскен. Магистраль каналдың ені - 50 метр, тереңдігі - 2,5 метр.
Досы баланы құтқармақ болған, алайда өзі де батып кете жаздаған. Жақын маңда жүргін куәгерлер жасөспірімге уақытында көмектесіп үлгерген. Қазір ол ауруханада, жағдайы орташа.
Суға батқан баланың денесін іздеуге Шардара құтқару бекетінің құтқарушылары, Түркістан облысының ТЖД және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар қатысты. Барлығы 34 адам жұмылды.
Марқұм бірнеше сағаттан кейін табылды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также