29 тамыз 2020 | 12:31

Түркістан облысында әкімдік шаруаларға ақша төлеуден бас тартты

Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысында ақшасын ала алмаған шаруалар шу шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana TV телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында ақшасын ала алмаған шаруалар шу шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana TV телеарнасына сілтеме жасап.

Шаруалар мақта теріп, еңбегінің ақысын ала алмаған. Ал әкімдік оларды жұмысқа "немқұрайлы қарады" деп кінәлап отыр. Ведомствоның пікірінше, мәселе осыдан туындауы мүмкін.

Реклама
Реклама

Телеарна мәліметінше, Төрткөл ауылдық округінің тұрғындары мақта өсірген. Кейін оның 10 тоннасын өңдеуге жіберіпті. Бірақ еңбегінің адал ақысын ала алмаған. Оларға субсидия төленеуі керек болған. Жұмысшылар әкімдіктің құр уәде бергеніне жарты жыл болғанын айтады.

"Жыл сайын бізге мақтаға субсидия берілуі қажет. 150 мың теңгені жеке өзім – шаруа қожалығыма алуым керек. Әр тонна үшін мен 12 мың теңге алуым керек. Оны облыс әкімдігі беруге міндетті. Олар жақында "береміз" дейді. Бірақ біз мақта жинауымыз керек. Осы уақытқа дейін біз өткен жылғы субсидияны да ала алмай отырмыз. Мұны 100-ге жуық адам алған жоқ", - дейді Абыл есімді шаруа.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Абдубай Мұстафаев бұл жағдайда қатысты пікір білдірді.

"Мәселенің бір себебі болуы мүмкін. Бұл - тауар өндірушілердің жұмысқа немқұрайлы қарауы. Олар жақында басқармада болды. Осылайша, олардың сұранымды толдырып үлгермені анықталды. Сұраным электронды форматта қабылданады. Ал бұл сұраным олардан түскен жоқ. Жұмыстың тәртібі сондай. Тауар өндіруші, ол шаруа ғой. Олар таңертеңнен кешке дейін егін алқабында жүреді. Олар мұны білмеуі мүмкін", - дейді ол.

Мустафаев "неліктен шаруалардың құжаттарын электронды форматқа көшіруге ешкім көмектеспеді?" деген сұраққа былай жауап берді:

"Біріншіден, бұл біздің міндетімізге кірмейді, екіншіден, олар аудандық мамандарға да, бізге көмек сұрап келген жоқ. Енді ешқайда барудың керегі жоқ. Себебі мақтаны субсидиялауға бөлінген ақша бітті", - дейді бас маман.

Журналистердің "Енді адамдар еңбегі үшін ақша алмай ма?" деген сауалға Мұстафаев қысқа жауап берді.

"Шын мәнінде, бұл олардың салғырттығынан болып отыр. Олар ешкімнен көмек сұраған жоқ", - дейді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная