ПОДЕЛИТЬСЯ
20 маусым 2022 | 15:21
Түркістан облысында әйел төрт айлық баласын алып, үйден кетіп қалған
Түркістан облысында енесімен жанжалдасып қалған әйел үйінен кетіп қалған. Із-түссіз жоғалған әйел 8 күннен кейін табылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысында енесімен жанжалдасып қалған әйел үйінен кетіп қалған. Із-түссіз жоғалған әйел 8 күннен кейін табылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция мәліметінше, оқиға 10 маусымда болған. Әйел төрт айлық баласымен үйден шығып кетіп, оралмаған. Жоғалған әйелдің қайын енесі 14 маусымда полицияға хабарласып, келіні мен төрт айлық немересі жоғалғанын айтып, көмек сұраған.
"Арыз түсе салысымен тәртіп сақшылары толық құрамда жұмылдырылып, іздеу жұмыстарын жүргізді. Полицейлер әйелдің баруы мүмкін деген орындарды тексеріп, таныстары арасында сұрастыру жұмыстарын жүргізді" - делінген хабарламада.
Жоғалған әйел тұратын ауданда хабарландырулар ілініп, іздесіру туралы ақпарат әлеуметтік желілерге, сайттарға да таратылған.
Шұғыл іздестіру жұмыстары нәтижесінде, 4 күннен кейін (арыз түскен күннен бастап - авт.еск.) із-түссіз кеткен әйел мен кішкентай нәресте Шымкент қаласындағы әйелдерге арналған дағдарыс орталығынан табылған.
"Әйел енесімен арада болған отбасылық келіспеушіліктен кейін жақындарына айтпай кетіп қалған. Бүгінде оның денсаулығына қауіп жоқ, жағдайы жақсы. Туыстарына аман-есен тапсырылды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также