15 наурыз 2021 | 12:25

Түркістан облысында BMW жүргізушісі екі полиция көлігін қағып кетті

Фото: polisia.kz

BMW жүргізушісі Түркістан облысында екі патрульдік көлікті қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

BMW жүргізушісі Түркістан облысында екі патрульдік көлікті қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр.

Полиция мәліметіне сүйенсек, жол апаты 14 наурызда Ордабасы ауданы аумағында, Республикалық маңызы бар Шымкент-Самара тасжолында болған. Сағат 17.15-те Түркістан облысы ПД ЖПҚ патрульдік полиция қызметкерлері магистральдің 49-50 шақырымында ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктер қауіпсіздігін қамтамасыз еткені анықталды.

Реклама
Реклама

"Шымкенттен Түркістанға жол тартқан BMW жүргізушісі көктайғақ салдарынан көлігін басқара алмай, жол бойында тұрған екі Kia Rio патрульдік полициясының қызметтік көлігін қағып кетті", - деп хабарлады полиция өкілдері.

BMW жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі "көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан заңбұзушылығы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жүргізушілер медициналық тексеруден өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная