12 мамыр 2022 17:55

Түркістан облысында бір жасар бала әжетхана шұңқырына құлап кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Түркістан облысы ТЖД

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданы Қазығұрт елді мекеніндегі үйлердің бірінің ауласында әжетхана шұңқырына бір жасар бала құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданы Қазығұрт елді мекеніндегі үйлердің бірінің ауласында әжетхана шұңқырына бір жасар бала құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, 12 мамырда "112" пультіне Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт елді мекенінде 2021 жылғы нәресте 4 метр тереңдіктегі әжетхана шұңқырына құлап кеткені туралы хабарлама түскен.

"Сағат 15:03-те құтқарушылар баланы арқанның көмегімен алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Дәрігер тексергеннен кейін бала үйіне шығарылды. Қазір баланың жағдайы тұрақты", - дейді құтқарушылар.

Реклама
Реклама

Құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 5 құтқарушысы, жедел жәрдемнің 3 қызметкері мен Полиция департаментінің 2 қызметкері жұмылдырылған.

ТЖД ата-аналар мен ересектерді балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram