ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 29 қазан 2025 09:45
Түркістан облысында дәрігерлер шеге жұтып қойған баланы құтқарып қалды
Түркістан облыстық балалар ауруханасында дәрігерлер төрт сантиметрлік бұрандалы шегені жұтып қойған бір жастағы баланың өмірін құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar-ға сілтеме жасап.
Бала ауруханаға 27 қазанда ауыр жағдайда түскен. Ол тұншығып, дем алуы қиындаған.
Медициналық мекеменің хирургі Мұқағали Темірбековтің айтуынша, баланың тыныс алу жолына тұрып қалған шеге операция жасамай-ақ алынған. Дәрігер мұндай жағдайларда әр минуттың маңызды екенін атап өтті.
Қазір баланың өміріне қауіп жоқ, ол дәрігерлердің бақылауында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу