Түркістан облысында егде жастағы ер адам немересіне қарсы ауыр қылмыс жасады деп айыпталды

Түркістан облысында егде жастағы ер адам немересіне қарсы ауыр қылмыс жасады деп айыпталды Фото:depositphotos.com

Түркістан облысының полициясы 8 жастағы балаға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасалды деген дерек бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Баланың анасы бұл қылмысқа өз әкесін, баланың атасын айыптаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Түркістан облысының полициясы 8 жастағы балаға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасалды деген дерек бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Баланың анасы бұл қылмысқа өз әкесін, баланың атасын айыптаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысының Отырар ауданында қарт ер адамның тергеуге алынғаны туралы ақпарат жарияланды. Оның туған қызы полицияға арызданып, әкесін 8 жастағы ұлын зорлады деп айыптаған.

Жарнама
Жарнама

Полиция пікірі

Редакция тілшілері Түркістан облыстық Полиция департаментіне жағдайға қатысты пікір алуға жүгінді.

"Отырар ауданы тұрғынының кәмелетке толмаған ұлына қатысты жасалуы мүмкін заңсыз әрекеттер туралы арызы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.

Полиция өкілдері алғашқы тергеу шараларының нәтижесі бойынша заңсыз әрекеттер дерегі расталмағанын, дене жарақаттары табылмағанын атап өтті.

"Сонымен қатар, барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу жалғасып жатыр. Қосымша сараптамалар тағайындалды", - деді өңірлік ПД өкілдері.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама