Түркістан облысында ер адам әйелін балтамен ұрып-соққан

Фото: otyrar.kz

Түркістан облысында ер адам әйелін балтамен аяусыз ұрып-соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысында ер адам әйелін балтамен аяусыз ұрып-соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаның 27 сәуірде болғанын айтты.

"Келес ауданының кезекші бөліміне учаскелік инспектордан көшелердің бірінде дене жарақаттарын алған әйелдің табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Жедел тергеу тобы оқиға орнына барған. Шамамен сағат 9.40-та орталық көшелердің бірінде 50 жастағы ер адамның әйелін балтамен ұрып-соғып, артынша оқиға орнынан қашып кеткені анықталған", - делінген полицейлердің хабарламасында.

Реклама
Реклама

Бірақ кейіннен ер адамның ұсталғаны белгілі болды.

Полицейлердің мәліметінше, ер адам 2-3 сағаттан соң ұсталды. Қажетті сараптамалар тағайындалған. Ал зардап шеккен әйел адамның орталық аудандық ауруханада жатқаны айтылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама