18 сәуір 2022 | 17:48

Түркістан облысында ит қапқан жасөспірім құтырмадан қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Түркістан облысында ит қапқан 14 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Өлімнің болжамды себебі - құтырма ауруы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында ит қапқан 14 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Өлімнің болжамды себебі - құтырма ауруы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Ата-анасының айтуынша, былтыр мамырда ұлын ит қауып, аяғын тістеп алған.

"Бірақ медициналық көмекке жүгінбей, өздері үйде емдеген. Тек бір жылға жуық уақыт өткен соң, 7 сәуірде жасөспірімде мынадай клиникалық белгілер пайда болған: қорқыныш, үрей, дене температурасының жоғарылауы, сүйектер мен жарақат алған жердің ауырсыну, су ішу кезінде ауаның жетіспеушілігі және жалпы әлсіздік", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Келесі күні жасөспірім тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгініп, дәрігерлер оған сүйек ауруына қарсы емдеу тағайындаған.

"Оған қарамастан баланың жағдайы нашарлай берген. Бала бел тұсындағы ауруларға шағымдана бастайды. Баласына ем-дом іздеген ата-ана жеке клиникаларға ғана емес, дәстүрлі емес медицина өкілдеріне де жүгіне бастаған. УДЗ өткеннен кейін жасөспірімде бүйректегі қабыну анықталып, соған сәйкес ем алған. Бірақ баланың беті бері қарамаған: балада ентігу, гидрофобия, аэрофобия пайда болған", - делінген ведомство хабарламасында.

Жағдайы күрт нашарлаған баланы 10 сәуірде жедел жәрдем көлігімен аудандық ауруханаға апарып, жұқпалы аурулар бөлімінде оған құтырма диагнозы қойылғаны айтылды.

"Сол күннен бастап барлық отбасы мүшелері медициналық бақылауға алынған. Алайда сегізінші сынып оқушысын аман алып қалу мүмкін болмады. Ол келесі күні - 11 сәуірде қайтыс болды", - деді ведомство өкілдері.

Ведомство мәліметінше, адамдарда инфекцияның (құтырма) инкубациялық кезеңі 12-ден 100 күнге дейін, өте сирек 1 жылға дейін созылады. Сондықтан төрт аяқты жануар тістегеннен кейін елеусіз жарақаттың өзі бірден пайда болмауы мүмкін.

Құтырма - адамдар мен жануарларға ортақ жіті вирустық инфекциялық ауру. Оның емі жоқ, қауіптілігі де осында. Егер уақытылы ем-шара қолданбаса, өліммен аяқталады. Құтырманың қоздырғышы - адам миын зақымдайтын ауру жануардың сілекейінде болатын вирус.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная