Түркістан облысында жантүршігерлік жағдай болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Түркістан облысында жантүршігерлік жағдай болды Көрнекі сурет: Tengrinews.kz

Түркістан облысында ер адам әйелін бұрынғы күйеуінен қызғанып, атып тастаған, - деп хабарлайды otyrar.kz.  

Түркістан облысында ер адам әйелін бұрынғы күйеуінен қызғанып, атып тастаған, - деп хабарлайды otyrar.kz.  

Басылым мәліметінше, Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматтық некедегі әйелін қызғаныштан өлтірген 41 жастағы ер адамға үкім шығарған.

Қайғылы оқиға Сауран ауданының Қаражон ауылында болған. Тергеу материалдарына сәйкес, әйел 34 жаста болған. Оның азаматтық некедегі күйеуі басына 16 калибрлі мылтықтан оқ атқан. Әйел оқиға орнында қаза тапқан.

Жарнама
Жарнама

Сотта ол әйелді өлтіргісі келмегенін, тек қорқытқысы келгенін айтқан. Алайда 2, 15 және 16 жастағы үш бала анасыз қалды.

Ер адам 18 жылға ең жоғары қауіпсіздік колониясында жазасын өтейді. Үкім заңды күшіне енген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама