ПОДЕЛИТЬСЯ
15 наурыз 2019 | 09:20
Түркістан облысында жол апатынан үш бала мен жүргізуші қаза тапты
Түркістан облысында жол апатынан үш бала мен ер адам қаза тапты. Тағы екі ересек адам мен кәмелетке толмаған екі бала жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Otyrar.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысында жол апатынан үш бала мен ер адам қаза тапты. Тағы екі ересек адам мен кәмелетке толмаған екі бала жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Otyrar.kz.
Жол-көлік оқиғасы кеше, 14 наурызда Шымкент-Самара тасжолының 115-шақырымында болған. Hyundai Starex пен Daewoo Nexia соқтығысып қалған.
Куәгердің айтуынша, балалардың денесі жол апаты болған жерден 10-15 метр қашықтықта болған.
"Түркістан облыстық ауруханасына 4 және 2 жасар екі бала жеткізілді. Бір отбасының балалары, оларға ота жасалды, бірақ дәрігер балалардың жағдайы ауыр екенін айтады. Екі ересек адам қалалық орталық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы - орташа ауыр", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
ҚР ІІМ өкілдерінің мәліметінше, үш бала ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Ал Nexia жүргізушісі ауруханада қайтыс болды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен Түркістан облыстық Полиция департаментінің басшысы барды.
Показать комментарии
Читайте также