ПОДЕЛИТЬСЯ
07 шілде 2021 | 14:29
Түркістан облысында көлік ұрлаған шетелдік апатқа түсіп, бір адам қаза тапты
Түркістан облысында мас Өзбекстан азаматы ұрланған көлікпен, жол апатына ұшырады. Апат салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тауып, үшеуі жарақат алды. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркісан облысының полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысында мас Өзбекстан азаматы ұрланған көлікпен, жол апатына ұшырады. Апат салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тауып, үшеуі жарақат алды. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркісан облысының полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол апаты Қазығұрт ауданында болған.
"Лада" маркалы автокөлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай жол жиегіне шығып, аунап кеткен. Жол апаты салдарынан автокөлік ішінде болған 3 жолаушы түрлі дене жарақатымен Қазығұрт ауданының ауруханасына жеткізілді. Ал 1 жолаушы сол жерде қаза тапты. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалап, қашып кеткен", - делінген ПД хабарламасында.
Полиция мәліметі бойынша, қызметкер күдіктінің жеке басын анықтап, ұстаған. Медициналық куәландыру арқылы ер адамның мас болғаны расталды.
"Көлік ішінде Өзбекстан Республикасының азаматтары болғаны анықталды. Олар Төлеби ауданында бірге жұмыс істеген. Сол күні олар үйге қайту мақсатында тұрғынның көлігін заңсыз айдап кеткен. Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынған", - делінген хабарламада.
Дерек ҚР ҚК-нің 3 бірдей бабы бойынша СДТТБТ-ға тіркелді. Олар: 347-бабы "Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу", 345-бабы "Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы", 200-бабы "Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также