Түркістан облысында қолын еттартқыш шайнап тастаған балаға ота жасалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Түркістан облысында дәрігерлер 1 жасар баланың қолын білегіне дейін кесіп алып тастауға мәжбүр болды. Себебі бала абайсызда оң қолын еттартқышқа салып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 7 қыркүйекте Төле би ауданы Көксәйек ауылында болған. Дәрігерлер оның бір өлімнен аман қалғанын айтады. Көп қан жоғалтқан бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

"Үйінде ата-анасы банка жауып жатқан кезде бала қолын еттартқышқа тығып алып, шайналып кеткен. Жедел түрде жансақтау бөліміне жатқызып, ота жасап, балаға көмек көрсеттік. Қолын төменгі білекке дейін шайнап кеткен", - дейді травматолог дәрігер Ержан Шәріпов.

Реклама
Реклама

Дәрігерлердің айтуынша, бала жансақтау бөлімінен шығарылған, жағдайы орташа ауыр. Ота кезінде баланың оң қолын білегіне дейін кесіп алып тастауға мәжбүр болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама