ПОДЕЛИТЬСЯ
29 маусым 2020 | 12:03
Түркістан облысында кортеж ұйымдастырғандар жазаланды
Түркістан облысында кортеж ұйымдастырғандар жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысында кортеж ұйымдастырғандар жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Осыған дейін әлеуметтік желілерде жол қауіпсіздігі ережелерін бұзған кортеждің видеосы тараған еді. Тексеру кезінде видеоның Түркістан облысының Төлеби ауданында түсірілгені анықталды.
"Тәртіп бұзушылардың аты-жөнін анықтау мақсатында Төлеби аудандық полиция бөлімі барлық қажетті шараны жүргізіп, жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олардың Төлеби ауданынан Қазығұрт ауданына бара жатқанын белгілі болды", - деді полицейлер.
"Мерседес" жүргізушілері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы және 601-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылды. Ал ВАЗ бен "Лада" автокөліктері енді айыппұл тұрағына жеткізіледі деді полицейлер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от @kris_p_kz +21 | ??Kz (@kris_p_kz) 26 Июн 2020 в 10:11 PDT
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также