20 ақпан 2020 09:06

Түркістан облысында оқушы бала қайтыс болды

© otyrar.kz

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында сыныптасымен жанжалдасқан оқушы қайтыс болды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында сыныптасымен жанжалдасқан оқушы қайтыс болды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

18 ақпанда сағат шамамен 13.30-да Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-лицейдің қазақ сыныбының екі оқушысы жанжалдасқан, оның барысында бірі екіншісін итеріп қалған. Салдарынан оқушы құлаған, ал екіншісі қорқып, үйіне қашып кеткен. Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді. Алайда жедел жәрдем қызметкерлері келгенше оқушы қайтыс болған", - деп хабарлады Түркістан облысы Полиция департаментінің өкілдері.

Реклама
Реклама

Бұл дерек "Байқаусызда адам өлтіру" бабы бойынша тіркеліпті. Соталды тергеу жүріп жатыр, сараптамалар тағайындалған. 

Сондай-ақ, ведомство өкілдері жалған ақпарат таратудың қылмыстық жауапкершілігі барын ескертіп отыр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram