ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қазан 2022 | 17:15
Түркістан облысында прокурор түсірілген видеоға байланысты қылмыстық іс қозғалды
Түркістан облысында прокурордың телефонын тартып алмақ болғандарға қатысты соталды тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл туралы облыс прокуратурасы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысында прокурордың телефонын тартып алмақ болғандарға қатысты соталды тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл туралы облыс прокуратурасы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Прокуратура мәліметінше, 28 қыркүйекте Түркістан облысы Төле би ауданы Көксәйек ауылында қоғамдық резонанс тудырған оқиға болды. Аудандық прокуратураның кезекші прокуроры жедел-тергеу тобымен оқиға орнына барған. Қызметкер "өзіне тиесілі смартфон арқылы жиналғандарға қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіріп, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы бойынша соталды тергеп-тексеру басталғаны" туралы айтқан.
"Алайда жиналғандардың арасында белгісіз біреулер смартфонды тартып алу үшін күш қолданған. Бүгінде дерекке қатысты олардың жеке басы анықталып, Қылмыстық кодекстің 380-бабы ("Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе зорлық-зомбылық әркеті") бойынша соталды тергеу басталды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес, өзге деректер жариялауға жатпайды", - деді ведомство өкілдері.
Еске салайық, жол апаты 28 қыркүйекте Төле би ауданы Көксайек ауылы көшелерінің бірінде Ваз-2103, Audi 100, Mazda 626 көліктерінің қатысуымен болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также