31 мамыр 2021 | 14:15

Түркістан облысында туристердің жоғалуы: іздестіруге Өзбекстан құтқарушылары тартылды

© ТЖМ

Өзбекстан ТЖМ құтқарушылары Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен туристерді іздестіру жұмыстарына тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстан ТЖМ құтқарушылары Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен туристерді іздестіру жұмыстарына тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тауда жоғалып кеткен туристтерді іздестіруге Өзбекстан ТЖМ құтқарушылары тартылды. Олар Өзбекстан жағынан Өгем өзенінің арнасын бойлай Чарвак су қоймасына құятын жерге дейінгі шекара аумағын тексеріп жатыр", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Сайрам-Өгем шатқалында жоғалып кеткен екі туристті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Таулы рельефтер және өзеннің қатты ағысы іздеу жұмыстарына қиындық туғызды.

Реклама
Реклама

Бүгінге дейін іздеу жұмыстары 350 шақырымнан аса тау шатқалдары бойымен жүргізілді. Пилотсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, шамамен 170 шақырым аумақ зерттелген.

"Қазавиақұтқару" АҚ тікұшақтарымен аэровизуальды барлау жасалды. Жалпы 2 мыңнан аса шақырым жер әуеден тексерілді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД, ПД, жергілікті атқарушы органдардан, ҰҚК Шекара қызметінен, ІІМ Ұлттық гвардиясынан, Ұлттық парктен, Альпинизм федерациясынан 218 адам, 32 бірлік техника, 3 пилотсыз ұшу аппараты, ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ 2 тікұшағы және туыстары жұмылды", - делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, 27 мамырда Түркістан облысы тауларында жеті турист жоғалып кеткен болатын. Назарбаев университетінің баспасөз қызметі жоғалып кеткен саяхатшының алтауы ЖОО студенттері екенін хабарлаған болатын. 21 мамырда университеттің алты студенті және Кентау қаласы лицей-интернатының түлегі Түркістан облысындағы тауларға 4-5 күнге жаяу саяхатқа шығып кеткен. 

Кейін жоғалып кеткен жеті жігіттің үшеуі табылғаны хабарланды. Олар екі топқа бөлінген. 29 мамырда ТЖМ ресми өкілі Түркістан облысының тауларында жоғалған екі туристің мәйіті табылғанын мәлім етті. Тағы екі жігітті іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная