22 желтоқсан 2021 | 16:09

Түркістан облысында із-түссіз жоғалған оқушының денесі кәрізден табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысының полицейлері жоғалған баланың денесін ауладағы кәрізден тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының полицейлері жоғалған баланың денесін ауладағы кәрізден тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ордабасы аудандық ішкі істер бөліміне Шұбарсу ауылының тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, 18 желтоқсанда кәмелетке толмаған ұлы, 8-сынып оқушысы жоғалып кеткен. Ер адам баласы үйінен белгісіз жаққа шығып кетіп, оралмағанын айтты.

"Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер өз үйінің ауласындағы кәрізден 14 жастағы жасөспірімнің мәйітін тапты. Болжам бойынша жасөспірім септикке құлап, қаза болған. Сараптамалар тағайындалды", - деді полиция өкілдері.

Реклама
Реклама

Құқық қорғаушылар қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын қосты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная