Түркістан облысындағы қайғылы оқиға: өрттен аман қалғандардың бірі есін жиды

Дина Шарипханова Корреспондент
Tengrinews.kz кадры

18 қараша таңертең Жетісай ауданының Алғабас ауылында жеке үйде өрт шықты. Оқиға салдарынан 12 адам қаза тапты, олардың тоғызы - бала. Аманда қалған үш адам қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

18 қараша таңертең Жетісай ауданының Алғабас ауылында жеке үйде өрт шықты. Оқиға салдарынан 12 адам қаза тапты, олардың тоғызы - бала. Аманда қалған үш адам қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Зұлпыхар Жолдасов зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

"Олардың бірі есін жиды. Үшеуі де – бір отбасының мүшелері: күйеуі, әйелі және қызы. Жағдайлары тұрақты, бірақ әлі де реанимацияда. Денсаулық сақтау министрлігі науқастар жатқан ауруханамен байланыста, қажет болған жағдайда оларды санавиация бортымен Астанаға жөнелтуге дайын", – деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары.

Реклама
Реклама

Жолдасов өрт себебін айта алмайтынын, оны тергеу аясында полиция жариялайтынын атап өтті.

"101 нөміріне хабарлама сағат 5:38-де түсті. Алты минуттан кейін оқиға орнына өртсөндірушілер жетті. Олар үш адамды алып шықты, бірақ 12 адамды құтқару мүмкін болмады. Қазір үш зардап шегуші ауруханада", – деді облыс әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, ол әкімдік жақындарына психологиялық көмек көрсетіп, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қаржылай қолдау жасап жатқанын айтты.

Мән-жайы

18 қарашада Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам қаза тапты, тоғызы - бала.

Қайғылы жағдайға байланысты Үкімет комиссиясы құрылды.

Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, медициналық мекемелерге үш адам, яғни екі ересек және бір бала жеткізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама