Түркістан облысындағы трагедия: өрттен аман қалғандар туралы не белгілі?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Түркістан облысында 12 адам қаза тапқан жекеменшік үйдегі өрттен зардап шеккен үш адамның жағдайы айтылды. Ақапартты облыс әкімдігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысында 12 адам қаза тапқан жекеменшік үйдегі өрттен зардап шеккен үш адамның жағдайы айтылды. Ақапартты облыс әкімдігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәліметке сәйкес, медициналық мекемелерге үш адам жеткізілген: екі ересек адам және бір бала.

"Олар реанимация бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Пациенттерге толық көлемде интенсивті терапия жүргізіліп жатыр. Жағдай профильді мамандардың тұрақты бақылауында", – делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жедел медициналық көмек қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау ұйымдарынан қосымша мамандар тартылып, қажетті дәрі-дәрмек және психологиялық қолдаумен қамтамасыз етілген.

Еске салайық, 18 қарашада таңертең Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам қаза тапты, тоғызы - бала.

Қайғылы жағдайға байланысты Үкіметтік комиссия құрылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама