11 қыркүйек 2019 | 09:06

Түркістанда алапат өрттің неден шыққаны анықталды

Түркістанда алапат өрттің неден шыққаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістанда алапат өрттің неден шыққаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, куәгерлер кеше, 10 қыркүйекте кешкі уақытта жарылыс болып, артынша өрт шыққанын хабарлап, видео мен суреттер жолдаған. Кейінірек Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі төтенше оқиға жайлы хабар таратты. Олардың мәліметінше, 19.00 шамасында Бекзат Саттарханов көшесінде орналасқан Royal Grand Hotel қонақүйінің территориясында газ баллондары тиелген ЗИЛ көлігі өртенген. 

Реклама
Реклама

Артынша жарылыс болып, жалын қонақүйдің төбесін шарпыған. Қалалық орталық ауруханаға 4 адам жеткізілген. Олар өрт сөндіру қызметінен. Олардың жағдайы орташа деңгейде деп бағаланған. Сөйтсек, өрт үш тонна газ автоцистернасынан шыққан екен. 

Өртті сөндіруге жеке құрамның 70 адамы жұмылып, 14 дана өрт сөндіру техникасы қолданылған. 

Полиция қызметкерлері қонақүй территориясын қоршауға алған. Өрт 20.00-де ауыздықталып, 20.15-те толық сөндірілген.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная