23 қазан 2023 | 13:24

Түркістанда балабақша көлігінің жүргізушісі баланы қағып өлтірді

Сурет: Tengrinews.kz

Түркістанда балаларды тасымалдау кезінде балабақша көлігінің жүргізушісі баланы қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістанда балаларды тасымалдау кезінде балабақша көлігінің жүргізушісі баланы қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 20 қазанда балабақша жүргізушісі балабақша тәрбиеленушілерін алып кеткен кезде болған. Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілгенімен, жансақтау бөлімінде ол қайтыс болды.

"Жеке балабақша тәрбиеленушілерін тасымалдайтын Hyundai Starex маркалы автокөлік жүргізушісі баланы үйдің жанындағы жолға түсірді. Бала көліктің алдына жүгіріп бара жатқанда, оны байқамаған жүргізуші баланы қағып кетті. Сәби ауруханаға жеткізілді, бірақ жансақтау бөлімінде қайтыс болды", - деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. Ресми мәліметтерге сәйкес, жүргізуші қамауға алынды, көлік айыппұл тұрағында. Оқиғаның барлық жағдайы анықталып жатыр.

Сонымен қатар, оқиға орнына Түркістан полиция басқармасының бастығы мен қала прокуроры, сондай-ақ жедел-тергеу тобы барғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная