ПОДЕЛИТЬСЯ
27 ақпан 2021 | 21:09
Түркістанда жекеменшік үйде бес адам өлі табылды. Төртеуі бала
Түркістанда жекеменшік үйде бес адам өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістанда жекеменшік үйде бес адам өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.
"2021 жылғы 27 ақпанда сағат 18.35-те Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің "103" пультіне Түркістан қаласында жеке тұрғын үйінде көршілермен өмір белгілері жоқ 5 адам, оның ішінде 4 кәмелетке толмаған бала табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Үйде өрт белгілері табылған жоқ. Үйде табиғи газбен жылыту орнатылған", - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
"Оқиға орнына ТЖД (6 қызметкер, 2 дана техника), ПД (15 қызметкер және 4 дана техника), жедел медициналық көмек ауруханасы (3 қызметкер және 1 дана техника), "ҚазТрансГаз" АҚ (3 қызметкер және 1 дана техника) қызметкерлері шықты", - делінген хабарламада.
ТЖМ өкілдері газ жабдықтарын пайдалану бойынша қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также