НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАУ. 19 НАУРЫЗ

Түркістанда карантин кезінде үйлену тойын өткізгендер ұсталды

Түркістанда карантин кезінде үйлену тойын өткізгендер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Түркістанда карантин кезінде үйлену тойын өткізгендер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Түркістан облысында карантин режимі енгізілген.

Қала тұрғындары карантин ережелерін сақтамағандықтан полицейлер тексеріс жүргізуді бастаған.

"Полицейлер мейрамханалардың бірінде үйлену тойын өткізіп жатқандарды анықтады. Той ұйымдастырушысы мен онда келген қонақтармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үйлеріне жіберді", - деді ведомстводағылар.

Сондай-ақ, мейрамхана әкімшісі мен той ұйымдастырушысына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылғаны айтылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная