ПОДЕЛИТЬСЯ
25 шілде 2019 | 13:42
Түрмеде зорланған трансгендер. Сотталған Виктория Берікқожаева Алматы абақтысында көрген сұмдығын айтты
Бопсалау ісі үшін жеті жылға сотталған трансгендер Виктория Берікқожаева өзінің Алматы облысында "Жауғашты" түрмесінде зорланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бопсалау ісі үшін жеті жылға сотталған трансгендер Виктория Берікқожаева өзінің Алматы облысында "Жауғашты" түрмесінде зорланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мені сот-медициналық сараптамадан алып келді. Бәрі келді - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінен де, прокуратурадан да. Заттай айғақтарды көргенде бәрі жағасын ұстады. Айғақтарды алып, сараптамаға жіберді. Барлық құжатты алдым, бір айдың ішінде дайын болуы керек (сараптама нәтижелері - авт.). Мен зардап шегуші болып танылдым", - деді Виктория Берікқожаева телефонмен Tengrinews.kz тілшісіне.
Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті бұл деректі тексеріп жатыр.
"Иә, бізге хабарлама түсті. Ақпаратты тексеріп жатырмыз. Тергеуге байланысты ешқандай ақпарат бере алмаймыз. Ақпарат бүгін таңда мекеменің өзінен түсті", - деді Алматы облысы ҚАЖД басшысының орынбасары Дидар Атантаев.
Виктория Берікқожаева (бұрынғы есімі Кәрімжан Берікқожаев - авт.) аса ірі көлемде бопсалау ісі үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Оның үстінен трансгендер құрбысы арыз жазған. Ол 2016 жылы тамызда ұсталған еді. 2017 жылы наурызда Виктория Берікқожаеваға үкім шыққан.
2018 жылы мамырда трансгендер түрмеде колония қызметкерінің погонын жұлып алғаны хабарланған болатын.
Показать комментарии
Читайте также