28 қыркүйек 2023 | 14:31

ҮАААЖ-дағы заңсыздық: полиция барлық заңбұзушыны анықтай алмаған

Дина Шарипханова Корреспондент

Полицейлер Үлкен Алматы айналма авто жолында (ҮАААЖ) жол ережесін өрескел бұзғандардың бәрін анықтай алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Полицейлер Үлкен Алматы айналма авто жолында (ҮАААЖ) жол ережесін өрескел бұзғандардың бәрін анықтай алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, оқиға 17 қыркүйекте болған. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Көліктер түнде қозғалыс көп болатын тасжолда қозғалысты жауып тастаған.

Реклама
Реклама

Кадрларға қарағанда, қатар тұрған бірнеше көлік жолды жауып тастаған. Олар жарықты қосып-өшіріп, кері жүрген. Көліктердің бірінде стробоскоп байқалған.

Полицейлер бір жүргізушіні тауып, жауапқа тартқан, бірақ жолаушыны тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін.

"Алматы облыстық Полиция департаменті ұсынған материал бойынша бір жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы бойынша хаттама толтырылғанын хабарлайды. Қалған құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту мүмкін емес, себебі құқық бұзушылық туралы толық видео (күні, уақыты, мемлекеттік нөмірі және орны) жоқ", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция тіпті ҮАААЖ бойына орнатылған бейнекамералардың да тәртіпбұзушыларды анықтауға көмектеспегенін мойындады. Олардың айтуынша, бұл заңбұзушылықты камералар тіркемеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная