ПОДЕЛИТЬСЯ
25 мамыр 2023 | 15:53
ҰБТ қарсаңында ата-анасы жазған хатты оқыған түлектер көзіне жас алды
Әлеуметтік желіде түлектердің жантебірентер дәстүрінен видео тарады: ата-аналар мен балалар ҰБТ қарсаңында бір-біріне хат жазған, - деп хабарлайды Tengri Life.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желіде түлектердің жантебірентер дәстүрінен видео тарады: ата-аналар мен балалар ҰБТ қарсаңында бір-біріне хат жазған, - деп хабарлайды Tengri Life.
Шахтинск қаласындағы (Қарағанды облысы) Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейде бес жылдан аса уақыт бойы мынадай дәстүр бар: ҰБТ алдында балалар мен олардың ата-анасы (немесе қамқоршылары) бір-бірімен хат алмасады. TikTok-та танымал болған жантебірентер видеода балалар ата-анасының хатын оқиды, көпшілігі көз жасына ерік берген.
Ролик жарты миллионға жуық қаралым жинаған. Видео астында жүздеген пікір жазылған. Әлеуметтік желі қолданушылары видеоға белсенді түрде пікір білдіріп, мектеп бітірер алдында туыстарының қолдауы қаншалықты маңызды екенін айтқан.
"Ата-ананың қолдау сөздері қандай маңызды, ҰБТ-да сәттілік", "Мен де ұлыма мектеп бітірерде хат жолдаймын, қазірше 4-сыныпта оқиды", "Ата-ана мен бала арасындағы тылсым байланыс", "Анамнан осындай хат алғым келеді" , - деп жазады әлеуметтік желі қолданушылары видеоға.
Біздің басылымға мектеп директоры Манат Аққұлованың айтуынша, бұл дәстүр 2017-2018 жылдан бері бар.
"11-сынып түлектері үшін ҰБТ тапсыру, грантқа түсуге талпыну маңызды. Мұндай кезеңде туыстарының қолдауы өте маңызды. Үшінші тоқсан аяқталғаннан кейін балалар ата-анасына алғыс хат жазады. Әдетте үлкендер оларды оқып отырып, көз жасын тыя алмайды. Балалар бұл хаттарға жанын салып, армандары мен мақсаттарын жазады", - дейді ол.
Оның айтуынша, ата-аналар баласына жауап хат жазады.
"Үлкендер өз хатында баласын қалай бағалайтынын, жақсы көретінін, кез келген жағдайда қасында болып, қолдау көрсетуге дайын екенін шын жүректен жазады. Ата-ана мен баланың бірін-бірі естуі, түсінуі өте маңызды. Мұндай шағын дәстүр оларға бір жағынан көмектеседі. Өйткені, өкінішке қарай, кез келген адам маңызды жылы сөздерді тікелей айта алмайды", - деп атап өтті білім беру мекемесінің директоры.
Міне, осындай хатқа мысал, оқығанда еріксіз көзге жас келеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также