Үйінен шықпаған сүйіктісіне қырсыққан жігіт көшедегі қызды алып қашқаны үшін сотталып кетті

А?т?беде с?йіктісіне ерегесіп, к?шедегі ?ызды алып ?аш?ан жігіт сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? сотты? баспас?з ?ызметі ?кілдеріне сілтеме жасап. 

Ақтөбеде сүйіктісіне ерегесіп, көшедегі қызды алып қашқан жігіт сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметі өкілдеріне сілтеме жасап. 

Іс материалдары бойынша, оқиға 14 маусымда "Арай" базарының маңында тапа-тал түсте болған. Қос дос жұрттың көзінше бір қызды көлікке салып, алып қашпақ болған. Базар күзетшісі қызды құтқарып қалған, ал жігіттер қамауға алынған. Қыз алып қашқысы келген Санат Өмірзақ Хромтаудың 20 жастағы тұрғыны, ал оның досы Алдаберген Жұмажанов Ақтөбеден.

Оқиға алдында Санат Өмірзақ өзінің сүйіктісімен оны алып қашуға уәделескен. Қыз келісім берген, алайда үйіндегі кішкентай балаларды қалдырып кететін ешкім жоқ болғандықтан, шыға алмаған. Ал жігіттің туыстары тойға дайындықты бастап кеткен. Санат бұған қырсығып, үйіне қалыңдықсыз оралғысы келмегендіктен көшеде кезіккен бір қызды алып қашуды ұйғарған. Оған досы көмектескен.

Реклама
Реклама

Бүгін сот Санат Өмірзаққа 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім кесті. Ал оның досы Алдаберген Жұмажанов 5 жылға бас бостандығынан айырылды (бұған дейін ол сотты болған). Екі дос жазасын колонияда өтейді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама