Үйлену тойына келген қыздың өлімі мидағы ісіктен болған

©Даниал Оқасов

Павлодарда үйлену тойына келген жеті жасар қыз баланың өліміне, алдын ала мәлімет бойынша, мидағы ісік себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сарапшылардың қорытындысына қарағанда, оның миында ісік болған. Қыз бала ештеңеден уланбаған, асқа қақалмаған. Ол аурудың салдарынан қайтыс болды. Ол жерде қылмыстың ізі жоқ. Материал кері қайтарылады", - деп хабарлады департамент мамандары.

Қыз бала тойда ата-анасымен болған. Той кортежі құрамында олар қаланың көрнекі орындарын аралап шыққан, бір кезде балдырған өзін жайсыз сезінеді. Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары қыз баланың өліміне нақты ненің себеп болғанын психологиялық сараптаманың нәтижесінен соң ғана жария ететінін хабарлады.

Реклама
Реклама

"Қыз бала созылмалы аурумен ауырмаған, ол диспансерлік есепте тұрмаған, биыл дәрігерлерге көрінбеген. Бұл жайт оның дені сау болғанын көрсетеді", - дейді денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

Еске сала кетейік, бұл оқиға 15 тамызда болған еді. Павлодардағы жеке үйлердің бірінде өтіп жатқан той салтанаты кезінде қыз бала қайтыс болды. Ата-анасының айтуынша, ол ирис кәмпитін жеп, кока-кола ішкен. Содан кейін жағдайы нашарлаған. Қыз құлап қалып, есінен танады. "Жедел жәрдем" дәрігерлері той үстінде қыз баланың қайтыс болғанын тіркеді.

  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама