ҰҚК Алматы облысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерін ұстады

Дина Шарипханова Корреспондент
polisia.kz

Алматы облысында тәркіленген есірткіні сатумен айналысқан Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында тәркіленген есірткіні сатумен айналысқан Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының полициясы Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі ұсталғаны туралы хабарлады.

"2 қарашада Алматы облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері Алматы облысының Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, есірткінің екінші реттік заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілін ұстады", - деп хабарлады тәртіп сақшылары.

Реклама
Реклама

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама