25 қыркүйек 2024 | 12:30

“ҰҚК қызметкерімін“. Алматыда егде адам мен жігіттің жанжалы видеоға түсіп қалды

видео кадры

Алматыда қария мен ер адам арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қария мен ер адам арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео сипаттамасында "өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырған белгісіз біреу қарт адамға шабуыл жасаған" делінген. Оқиға 20 қыркүйекте Алматыда болғаны айтылады.

"Жолда мопед інімнің жолын кескен, кейін ол соғылып қалған. Бізден 70 мың теңге сұрады. Содан кейін олардың досы келіп, өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырды, құқығы туралы айтып, қорқыта бастады. Менің әкем мүгедек, ол оған шабуыл жасап, телефонын тартып алмақ болған. Содан кейін тез қоштасып, кетіп қалған, - деп жазады автор.

Реклама
Реклама

Алматы Полиция департаменті толық мәлімет берді.

"Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Видеодағы ер адамның жеке басы анықталды. Оның құқық қорғау органдарына қатысы жоқ. Оның іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қабылданады", - деп хабарлады қала полициясының баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная