02 ақпан 2017 16:01

Украиналық сноубордшы Универсиада-2017 жаттығуында ауыр жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

иллюстрациялық фото © almaty2017.com иллюстрациялық фото © almaty2017.com

Дәрігерлер мен құтқарушылар ауыр жарақат алған украиналық спортшыны Шымбұлақтан жедел түрде тікұшақпен ауруханаға жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін, 2 ақпанда Бигус Тарас есімді украиналық сноубордшы 28-ші қысқы Универсиаданың ресми жаттығуы кезінде ауыр жарақат алды. ТЖД мәліметінше, сноубордшы жоғарыдан түсіп келе жатып, сәтсіз құлап арқасымен шүйдесін жарақаттап алған.

"Дәрігерлер мен құтқарушылар жедел әрекет етіп, жарақат алған спортшыны бірнеше минуттың ішінде түсірді. Төменде оны жедел жәрдем каретасы күтіп тұрған, ол тікұшақ алаңына дейін жеткізді. Алматы қаласының Құтқару қызметі мен ІІМ ТЖК Апат медицина орталығының мамандары және құтқарушылар спортшыны тікұшақпен Алматының № 7 ауруханасына 7 минутта жеткізді, оған аураханада алғашқы жәрдем көрсетіп, компьютерлік томография жасады", - деді Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мамандары. Жарақат алған спортшыны оқиға орнынан ауруханаға жеткізуге 20 минут уақыт кеткен. 

Спортшының кеудесі жараланған және мойын омыртқасына зақым келген. Дәрігерлер оның жарақатын таңып, мойынға тағатын бандаж (Шанц жағасын) тағып берген. Спортшының жағдайы тұрақты, оның өміріне қауіп жоғы айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети