08 ақпан 2015 12:23

Украинаның үш азаматы Атырау облысында болған жол апатынан қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орны. ©Azh.kz Оқиға орны. ©Azh.kz

Атырау облысында болған жол апатында үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Ақ Жайық". Жол-көлік оқиғасында Украинаның үш азаматы қаза болғаны анықталды.  


Атырау облысында болған жол апатында үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Ақ Жайық". Жол-көлік оқиғасында Украинаның үш азаматы қаза болғаны анықталды.  

Оқиға 7 ақпанда Құлсары - Атырау автожолында болды. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын басылымға Атырау облысы Жылыой аудандық прокурорының орынбасары Жәнібек Қаражанов айтып берді. Құқық қорғау органдарының қызметкері Атырау облысындағы оқиғаның 16 сағат 30 минутта автожолдың 44-шақырымында болғанын мәлімдеді. Мемлекеттік номері Алматы қаласына тіркелген Mercedes маркалы жүк көлігі мен мемлекеттік номері Украинаға тіркелген Toyota Previa минивэні бетпе-бет соғысқан. Минивэнде болған азаматтар оқиға орнында қаза болды. Ал жүк көлігінің денсаулығы жайлы хабарланбай отыр.  

Еске сала кетейік, қаңтар айының ортасында Атырау облысында 6 адам қаза тапқан еді. Жол апаты Доссор - Құлсары - Бейнеу автожолының 79-шақырымында болды. Toyota көлігінің жүргізушісі көктайғақта тізгінге ие бола алмай қалып, қарсы беттегі жолға шығып кетіп, "Камаз" автомашинасымен соғысты. Жол-көлік апатының нәтижесінде алты адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы үшін адам ауруханаға түсті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети