Ұлтараққа жасырған: Алматыда тұрғын тергеу изоляторына жасырын сәлемдеме кіргізбек болған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

Алматыдағы тергеу изоляторында есірткіні ұлтараққа жасырып өткізуге тырысқан күдікті анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыдағы тергеу изоляторында есірткіні ұлтараққа жасырып өткізуге тырысқан күдікті анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №72 мекемеде сәлемдемелерді қабылдау және тексеру бөлімінде тыйым салынған затты жасырын алып өту әрекеті әшкереленді.

Тексеру кезінде әйелдің әкелген етігінің ұлтарағынан тігіліп жасырылған, есірткіге ұқсас екі орам ұнтақ табылып, тәркіленді.

Реклама
Реклама

"Әйел бұл затты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлімінің 1 және 2-тармақтары бойынша, яғни алдын ала сөз байласқан адамдар тобының ірі көлемде мал ұрлығы үшін ұсталған танысына өткізбек болған. Өзбекстанда дүниеге келген және тергеуде отырған ол Алматы облысының Жамбыл аудандық сотының санкциясымен Түркістан қаласында қолға түскен", - делінген хабарламада.

Оқиға сәті мекеменің бейнетіркеу жүйесіне жазылып, дереу Түрксіб аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама