11 қазан 2023 17:56

Ұлттық ұлан сарбазының қазасы: туыстары тағы бір мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
Қайсар Сұлтанов. Фотоны марқұмның отбасы ұсынды

Шымкентте Ұлттық ұлан сарбазы Қайсар Сұлтановты жерлеу рәсімі өтті. Тілшіге берген сұхбатында марқұм сарбаздың туысы жаңа жайттарды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте Ұлттық ұлан сарбазы Қайсар Сұлтановты жерлеу рәсімі өтті. Тілшіге берген сұхбатында марқұм сарбаздың туысы жаңа жайттарды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Қайсарды жерледік. Шымкентте. Туған жері сол жақта. Орны толмас қайғы... Әпкем есеңгіреп қалды. Есі кіресілі-шығасылы", - деп бөлісті марқұмның туысы Әсел Далабаева.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, қазір отбасы сараптама қорытындысын күтіп отыр. Әскери прокуратура қаза тапқан сарбаздың анасына хабарласып, түрлі сауалдар қойған. Жақында жігіт суицидке бейімділігі жоқ екенін көрсеткен психологиялық тестен өткені белгілі болды.

"Ол қызмет еткен бөлімшеде (Ұлттық ұланның 6636-әскери бөлімі – еск.) әскерге шақырылған барлық сарбаздар секілді олардың бәрі психологтың бақылауында болғаны белгілі болды. Біздің Қайсар барлық психологиялық сынақтардан өткен, өзін-өзі өлтіруге бейім емес, салмақты, ұқыпты және т.б. Осы қорытынды негізінде оларға атыс қаруын иеленуге рұқсат беріледі. Бұл сынақтан барлық сарбаздар емес, бар болғаны 15 адам өткенін атап өткім келеді", - деді сұхбатында сарбаздың туысы.

Сонымен қатар, Далабаеваның айтуынша, жігіттің сүйіктісі болуы мүмкін деген болжам да жоққа шығарылған. Қайсардың туыстары да жігіттің қашанда білім мен отбасы құндылықтары басым болғанын айтады.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға туралы Tengrinews.kz редакциясына марқұм Қайсар Сұлтановтың туыстары хабарлаған болатын.

Астанада Ұлттық ұлан сарбазы қаза тапты. Анасы мәлімдеме жасады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram